Жасұлан Айсағали

Радио және тележурналист, радиоведущий, редактор, медиатұлға

Жасұлан Айсағали

Кәсіби дағдылары

Тікелей эфирді жүргізудің, авторлық бағдарламаларды әзірлеудің, мәдени-ағартушылық контент жасаудың, редакторлық және дикторлық жұмыстың жоғары кәсіби деңгейіне ие. Аудиториямен терең байланыс орната алатын және мәдениет пен қоғам тақырыптарын кәсіби түрде аша білетін медиа-маман.

Еңбек тәжірибесі

Радио және теледидар саласында 25 жылдан астам тәжірибесі бар. Қазіргі уақытта ҚР Президенті Телерадиокешенінің «J&J» радиосында радиожүргізуші болып жұмыс істейді, «Сіз бен біз» бағдарламасын тікелей эфирде және «Мәдени трендтер» авторлық бағдарламасын жүргізеді. «Астана FM» радиосында, «Орда FM» радиосында радиожүргізуші әрі автор ретінде жұмыс істеген, сондай-ақ «Астана қаласының Телевидениесі» ЖШС-де «Кешкі тайм» және «Big City Life» авторлық жобаларын жүзеге асырған.

1996–2008 жылдары ОТРК «Қазақстан–Қостанай» мекемесінде I санатты диктор және редактор қызметін атқарып, жаңалықтар мен талдамалық бағдарламаларды, сондай-ақ бірқатар авторлық жобаларды жүргізген. Кәсіби даму аясында Алматыда журналистердің біліктілігін арттыру курстарынан өткен, сондай-ақ Қостанайда республикалық семинарларға қатысқан.

МЕНІҢ ЖОБАЛАРЫМ


JJ SHORTS