КЕШКІ АЯЛДАМА
«Кешкі аялдама» — кешкі уақытта тыңдарманға жағымды көңіл-күй сыйлайтын музыкалық-ақпараттық ойын-сауық шоуы. Бағдарламада өзекті тақырыптар, ғылым, психология, Қазақстанның ерекше жерлері, әлем елдері мен қалалары туралы қызықты мәліметтер және түнгі әңгімелер қамтылады. Әуезді музыка мен еркін әңгіме кешкі уақытқа ерекше атмосфера қалыптастырады. Айдарлар: «Ғылым 60 секундта», «Қазақстан таңғалдырады», «Психология айдары», «Бір минуттық саяхат».
Жүргізушілер: Айза Аблаким, Үсен Астана
Уақыты: жұмыс күндері 18:00-20:00, қазақ тілінде