НЕГІЗГІ МИССИЯМЫЗ – ОҚУШЫЛАРҒА СА­ПА­ЛЫ БІЛІМ, САНАЛЫ ТӘРБИЕ БЕРУ

1993 жылы негізі қаланған «Білім-ин­но­вация» қорының құрамында бүгінде еліміз бойын­ша 32 лицей бар. Қазақстанға алғаш рет білім саласы бойынша халықаралық тә­жі­рибе біз арқылы келді. Ол жаратылыстану пән­дерін ағылшын тілінде оқыту жүйесі бо­ла­тын. Негізгі миссиямыз – оқушыларға са­па­лы білім, саналы тәрбие беру. Шәкірттеріміз ұлт­тық құндылықтарды бойына сіңіре оты­рып, заманауи білімді игереді. Лицейлері­міз­ден мақсаты мен бағыт-бағдары айқындалған, ұста­нымдары мен қағидаттары қалыптасқан, за­манауи білім мазмұны орныққан түлектер ұшып шығады. Бұл – білім берудің экожүйесі. Қонақта «Білім-Инновация» Халықаралық қоғамдық қорының президенті Дархан Ер­ма­ханұлы

JJ SHORTS