JOSHY QAZAQ NATIONAL GROUP АНСАМБЛІ

«Joshy Qazaq National Group» — қазақтың бай мәдени мұрасын, ұлттық музыкалық аспаптарын заманауи сахнада жаңғыртып, дәріптейтін этно-фольклорлық ансамбль. Мұражай қызметкерлерінен құралған бұл мультиаспаптық топтың әртістері аспаптарды өздері жасап, авторлық композициялар мен халық күйлерін орындайды. Олар өнер әлемінде «рухани реконструкторлар» ретінде танылған.

JJ SHORTS