АСХАТ ӘМІРҒАЛИ РАДИО JIBEK JOLY ЭФИРІНДЕ: ШЫНАЙЫ СҰХБАТ ПЕН ЖАНДЫ ДАУЫС
Талантты әнші Асхат Әмірғали Радио Jibek Joly қонағы болып, өзінің шығармашылығы, өнердегі жолы және болашақ жоспарларымен бөлісті. Эфир барысында әнші сүйікті туындыларын жанды дауыста орындап, тыңдармандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Ұлттық ұланның ән-би ансамблінің солисі, танымал әнші Асхат Әмірғали – қазақ эстрадасында өзіндік орны бар, кәсіби шеберлігімен ерекшеленетін өнер иесі. Ол сахнада терең эмоция мен шынайылықты үйлестіре отырып, көрермен жүрегіне жол таба білген орындаушы.
Асхат Әмірғали Ұлттық ұланның ән-би ансамблінде қызмет ете жүріп, патриоттық және лирикалық әндерді жоғары деңгейде орындап келеді. Оның дауысы – кең диапазонды, тембрі жылы әрі әсерлі. Әнші репертуарында халық әндері, заманауи туындылар және отансүйгіштік рухтағы шығармалар ерекше орын алады.
ЖҮРГІЗУШІЛЕР: