УАҚЫТ ПАТШАЛЫҒЫ ЕРТЕГІСІ

Бұл ертегіде уақыттың, жыл мезгілдерінің және он екі айдың өзара байланысы қызықты түрде бейнелейді. Оқиғада Жыл патша мен оның төрт ұлы – Көктем, Жаз, Күз, Қыс арқылы табиғаттағы өзгерістер мен айлардың реті түсіндіріледі. Әр айдың өз орны мен міндеті бар екені көрсетіледі.

 

Әр адамның және әр уақыттың қоғамда өзіндік маңызы бар екенін ұғындырады. Жыл патшаның барлық немересіне кезекпен патшалық беруі әділдік пен бірлікті білдіреді.

Шығарма балаларды ұйымшылдыққа, әділдікке және уақытты қадірлеуге тәрбиелейді. Сонымен қатар, жыл мезгілдері мен айлардың ретін есте сақтауға көмектесіп, табиғат заңдылығын түсіндіреді.

JJ SHORTS