Жанар Мырзағалиева

Шеф-редактор

Жанар Мырзағалиева

Кәсіби дағдылары

Кәсіби журналист және радиожүргізуші. Авторлық бағдарламаларды дайындау және жүргізу. Тікелей эфирде жұмыс істеу. Қоғамдық маңызы бар контентті дайындау (тіл, медицина, білім, ғылым). Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен кең тәжірибелі өзара әрекеттестік. Кәсіби дикторлық, ораторлық дағдылар; ораторлық өнер және мемлекеттік тілді меңгерту бойынша авторлық курстар.

Еңбек жолы

Медиа саласында 27 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. «Астана Ақшамы» газеті, «Астана» радиосы, «Қазақ радиосы», Оқушылар сарайында журналист және оқытушы қызметін атқарған.

Марапаттары

Астананың Тілдерді дамыту орталығы және Тіл комитеті ұйымдастырған конкурстардың жеңімпазы. «Мен Қазақпын!» бағдарламасын жүргізгені үшін ҚР Президенті сыйлығының лауреаты. «Үздік дауыс» атағына ие. ҚР министрліктері, сондай-ақ облыстық және қалалық әкімдіктердің, департаменттер мен басқармалар тарапынан грамоталармен марапатталған. Медициналық және білім беру орталықтарымен бірлескен жұмысы үшін және әлеуметтік маңызы бар жаңалықтарды тікелей эфирде жеткізгені үшін алғыс хаттар алған.

Білімі

білімі жоғары. Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті.

Семей мемлекеттік университеті

 


JJ SHORTS