Самал Қуанышева

Бағдарлама жүргізушісі

Самал Қуанышева

Кәсіби дағдылары

Радиобағдарламаларды жүргізу және тікелей эфирде жұмыс істеу. Дауыс, тембр және интонациямен жұмыс. Музыкалық бағдарлама және контентті таңдау. Эфирлік атмосфераны жасау және аудиториямен қарым-қатынас. Сұхбат алу және ақпаратты жеткізу. Балаларды вокалға оқыту, концерттер мен шығармашылық іс-шараларға дайындау.

Еңбек жолы

2025 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешенінде Jibek Joly (JJ FM) радиоканалында радиобағдарламалар жүргізушісі қызметін атқарады. Қызмет барысында тікелей эфирде жұмыс істеп, материалды кәсіби деңгейде ұсынады, сондай-ақ тыңдарман аудиториясының сөйлеу мәдениеті мен музыкалық талғамын дамытуға үлес қосады. Сонымен қатар, «Jibek Joly», "Silkway және «Silkway Cinema» телеарналарында тақырыптық хабар тарату қызметінің менеджері ретінде жұмыс істейді. Бұл қызметте музыкалық және аудиовизуалды контентпен жұмыс жасап, эфирлік материалдардың сапасын қадағалайды, сондай-ақ арналардың тақырыптық мазмұнын жүйелейді.

Медиа саласындағы қызметімен қатар, өнер және білім беру бағытында да белсенді еңбек етеді: Art Music Club Dreamers ұйымында жүргізуші әрі педагог, сондай-ақ «Мажор» эстрадалық вокал студиясында оқытушы. 

Білімі

Қазақ ұлттық өнер университеті (2012–2016).

Мамандығы: академиялық вокал.

 

 

МЕНІҢ ЖОБАЛАРЫМ


JJ SHORTS