Самал Қуанышева
Бағдарлама жүргізушісі
Кәсіби дағдылары
Радиобағдарламаларды жүргізу және тікелей эфирде жұмыс істеу. Дауыспен, тембрмен және интонациямен жұмыс. Музыкалық бағдарламала және контентті таңдау. Эфирлік атмосфераны жасау және аудиториямен қарым-қатынас. Сұхбат алу және ақпаратты жеткізу. Балаларды вокалға оқыту, концерттер мен шығармашылық іс-шараларға дайындау
Еңбек жолы
Мамыр 2025 – қазіргі уақытқа дейін. ҚР Президенті ТРК, Jibek Joly (JJ FM) радиоканалы – радиобағдарламалар жүргізушісі. Тікелей эфирде жұмыс, кәсіби материалды ұсыну, аудиторияның сөйлеу мәдениеті мен музыкалық талғамын дамыту.
ҚР Президенті ТРК “Jibek Joly” / Silkway / “Silkway Cinema” телеарналары – тақырыптық хабар тарату қызметінің менеджері. Музыкалық және аудиовизуалды контентпен жұмыс, эфир материалдарының сапасын бақылау, арналардың тақырыптық мазмұнын ұйымдастыру және үйлестіру. Art Music Club Dreamers – жетекші, мұғалім.. «Мажор» эстрадалық вокал студиясы– вокал мұғалімі.
Білімі
Қазақ ұлттық өнер университеті (2012–2016). Мамандығы: академиялық вокал.