Ольга Асхожина
Бағдарлама жүргізушісі
Еңбек жолы
2003–2006 жылдары Семей қаласындағы «Радио-7» радиосында тікелей эфирлер мен ойын-сауық бағдарламаларын жүргізді.
2006–2021 жылдары «Қазақстан» РТРК-да жұмыс істеді. Республикалық радиода тікелей жаңалықтар эфирін жүргізіп, сондай-ақ «Радио Астана» радиосында авторлық әлеуметтік бағдарламалар мен ток-шоуларды жүргізді.
2021 жылдың мамыр айынан бастап «Atameken Business» телеарнасының жаңалық жүргізушілері құрамында қызмет етеді.
Жетістіктері
БАҚ саласындағы республикалық және халықаралық байқаулардың марапаттары мен дипломдарының иегері. 2013 жылдан бері «Федералдық радио мектебінде» журналистика пәнінен сабақ береді. Америкалық Фаулер академиясының сертификатталған түлегі. Тележобаларды кәсіби дыбыстаумен айналысқан.
Білімі
Жоғары, филологиялық.