Ильзат Сафаргалиев

Видео эфир режиссері

Ильзат Сафаргалиев

Кәсіби дағдылары

Кино, теледидар және цифрлық коммуникациялар саласының маманы. Мультимедиялық технологияларды, эфирлік хабар тарату мен web-медианы дамыту. Техника, контент және медиапроцестерді басқару саласында көпжылдық тәжірибесі бар. Әртүрлі жылдары кино және теледидар саласында жұмыс істеп, профильдік пәндерді оқытқан, ұлттық медиа-платформаларды дамытуға қатысқан. 2025 жылдан бері “Jibek Joly” радиосының командасында қызмет атқарады.

Еңбек жолы

Кәсіби қызметін «Туран» университетінде «Кино-видеотехника» пәнінің оқытушысы ретінде бастады;

Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде (МУИТ) медиадизайн бойынша тьютор ретінде жұмыс істеді;

«Қазконтент» компаниясында BNews.kz ақпарат агенттігінде видеооператор-инженер болып қызмет атқарды;

«МИА „Қазинформ» ұйымында фото-видео ақпарат қызметін басқарды.

ҚР Президент ТРК құрамында  2022 жылы мультимедиялық жабдықтар бойынша аға видеоинженер;

Mediabase.kz WEB-Медиа қызметінің жетекшісі;

Ақпараттық технологиялар қызметінің IT бойынша бас инженері болып жұмыс істейді. Қазіргі таңда “Jibek Joly” радио және видео эфирлерінің техникалық мәселелері бойынша атқарушы және эфир режиссері болып қызмет атқарады.

Білімі

2003-2006 жылдары Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінің (кинотехникум) киномеханик мамандығы бойынша аяқтады;

«Туран» университетінде Кино және теледидар академиясында радиоэлектроника және телекоммуникациялар мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды;

Д.Қонаев атындағы университетте радиоэлектроника және телекоммуникациялар саласы бойынша ғылыми магистратура бағдарламасын тәмамдады.


JJ SHORTS