Ильзат Сафаргалиев

Видео эфир режиссері

Ильзат Сафаргалиев

Кәсіби дағдылары

Кино, теледидар және цифрлық коммуникациялар саласының маманы. Мультимедиялық технологияларды, эфирлік хабар тарату мен web-медианы дамыту. Техника, контент және медиапроцестерді басқару саласында көпжылдық тәжірибесі бар. Әртүрлі жылдары кино және теледидар саласында жұмыс істеп, профильдік пәндерді оқытқан, ұлттық медиа-платформаларды дамытуға қатысқан. 2025 жылдан бері “Jibek Joly” радиосының командасында қызмет атқарады.

 

Еңбек жолы

Кәсіби қызметін «Туран» университетінде «Кино-видеотехника» пәнінің оқытушысы ретінде бастады;

Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде (МУИТ) медиадизайн бойынша тьютор ретінде жұмыс істеді;

«Қазконтент» компаниясында BNews.kz ақпарат агенттігінде видеооператор-инженер болып қызмет атқарды;

«МИА „Қазинформ» ұйымында фото-видео ақпарат қызметін басқарды.

ҚР Президент ТРК құрамында  2022 жылы мультимедиялық жабдықтар бойынша аға видеоинженер;

mediabase.kz WEB-Медиа қызметінің жетекшісі;

Ақпараттық технологиялар қызметінің IT бойынша бас инженері болып жұмыс істейді. Қазіргі таңда “Jibek Joly” радио және видео эфирлерінің техникалық мәселелері бойынша атқарушы және эфир режиссері болып қызмет атқарады.

Білімі

2003-2006 жылдары Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінің (кинотехникум) киномеханик мамандығы бойынша аяқтады. «Туран» университетінде Кино және теледидар академиясында радиоэлектроника және телекоммуникациялар мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды. Д.Қонаев атындағы университетте радиоэлектроника және телекоммуникациялар саласы бойынша ғылыми магистратура бағдарламасын тәмамдады.


JJ SHORTS