ТАҢҒЫ ЭСПРЕССО – ОЯН, СЕЗ, ТЫҢДА!

ТАҢҒЫ ЭСПРЕССО – оян, сез, тыңда!
Таңды тәтті әсермен бастағың келе ме? Онда жолымыз бір! 101,4 «JJ» FM-ді қос та, дауысын қаттырақ шығар! “ТАҢҒЫ ЭСПРЕССО” – бұл құйылған кофедей ыстық атмосфера, құлаққа жағатын әуен, көңіліңе қуат беретін сөз! Бізбен бірге оян: – Танымдық айдарлар – Таңғы көңілді әңгімелер –Тыңдаушымен тікелей тілдесу 8-700-101-4000 – Маңызды мәселелер мен қызықты тақырыптарға сөйлейтін спикерлер – Ән мен әңгімеге толы 3 сағаттық ерекше таң! Аптасына 5 күн, 07:00 – 10:00 аралығында эфирде “ТАҢҒЫ ЭСПРЕССО”. 8:00 - 9:00 – ойындар сағаты! «5 сөз 1 хикая», «Келесі аялдама», «Ән жәрмеңкесі» ойындары көңіліңізді сергітіп, ойды қиялға жүгіртіп, таным көкжиегіңді кеңейтеді. Микрофонның ар жағында – шынайы эмоция, өзгеше стиль. Таңғы ыстық кофені ұсынатын Жасұлан мен Ділбар! @zhasulanaisa @dilbar_ersaiynkyzy Оян. Тыңда. Жаңа күнді – жақсы көңіл-күймен баста! @jibek_joly.radio

Жобаның подкасттары

“Ырыскелді қажы” мешітінің бас имамы Нұрлан қажы Байжігітұлымен сұхбат.

“Ырыскелді қажы” мешітінің бас имамы Нұрлан қажы Байжігітұлымен сұхбат.

06.05.2025

Қарау