ЖОЛЫМЫЗ БІР!
RUS

ТАҢҒЫ ЭСПРЕССО – ОЯН, СЕЗ, ТЫҢДА!

ТАҢҒЫ ЭСПРЕССО – оян, сез, тыңда!

Таңды тәтті әсермен бастағың келе ме?
Онда жолымыз бір! 101,4 «JJ» FM-ді қос та, дауысын қаттырақ шығар!

“ТАҢҒЫ ЭСПРЕССО” –
бұл құйылған кофедей ыстық атмосфера, құлаққа жағатын әуен,
көңіліңе қуат беретін сөз!

Бізбен бірге оян:
– Танымдық айдарлар
– Таңғы көңілді әңгімелер
–Тыңдаушымен тікелей тілдесу 8-700-101-4000
– Маңызды мәселелер мен қызықты тақырыптарға сөйлейтін спикерлер
– Ән мен әңгімеге толы 3 сағаттық ерекше таң!
Аптасына 5 күн, 07:00 – 10:00 аралығында эфирде “ТАҢҒЫ ЭСПРЕССО”.

8:00 - 9:00 – ойындар сағаты!
«5 сөз 1 хикая», «Келесі аялдама», «Ән жәрмеңкесі» ойындары көңіліңізді сергітіп, ойды қиялға жүгіртіп, таным көкжиегіңді кеңейтеді.

Микрофонның ар жағында – шынайы эмоция, өзгеше стиль.
Таңғы ыстық кофені ұсынатын Жасұлан мен Ділбар! @zhasulanaisa @dilbar_ersaiynkyzy

Оян. Тыңда. Жаңа күнді – жақсы көңіл-күймен баста! @jibek_joly.radio

Сауалнама

📻 JJ 101.4 толқынында қандай бағдарлама түрлерін тыңдағыңыз келеді? Эфирді одан сайын қызықты ету үшін не қосқан дұрыс?