«КИНОКУЛЬТУРА» — ЗАМАНАУИ ҚАЗАҚ КИНОСЫНЫҢ ҮНІ

Әр жұма сайын сағат 10:10-де JJ FM толқынында шығатын «Кинокультура» бағдарламасы — Қазақстанның заманауи киноиндустриясының келбетін ашатын алаң. Бұл — маңызды фильмдер, жаңа жобалар, премьералар мен камера сыртындағы жандар туралы ашық пікір алмасуға арналған кеңістік.
• Біздің киноның фестивальдердегі жетістіктері жайлы жаңалықтар
• Режиссерлермен, продюсерлермен, сценаристермен сұхбаттар
• Кинокеңістіктің дамуы туралы ойталқы
• Маңызды кинопремьералар мен оқиғаларға шолу
«Кинокультура» тыңдармандарға қазақстандық кино әлемінде бағыт-бағдар беріп, отандық контент құраушыларды қолдайды.